Бизнесті мемлекеттік қолдаудың аудиті: 133 млрд теңге тиімсіз жоспарланған
Кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық емес шаралардың әсерін ешкім есептемейді және бақыламайды. Бұл туралы Жоғары ау ...
Солтүстік Қазақстан облысында 5000-ға жуық бала арнайы және инклюзивті білім алады, деп хабарлайды 24kz.
Олар үшін балабақша, мектептерде қосымша қолдау кабинеттері ашылды.
Бірақ өңірде оңалту орталығы жоқ. Сондықтан ата-аналар көрші Ресей еліне немесе Астана қаласына барып ем алуға мәжбүр. Оның жолдамасы да бірден беріле қоймайды. Сондықтан мүгедектігі бар бала тәрбиелейтін отбасылар осындай бөлек ұйымның ашылғанын құптайды.
Ғалия Баязитова, педагог-психолог:
- Бір балада мысалы диагноз емес, 3-4 диагноз болуы мүмкін. Яғни, ол бала мемлекеттен көмек тосқанша бір жыл өтеуі мүмкін. 8 ай өтуі мүмкін тегін бару үшін. Ал енді ақша ретінде төлейтін болса, бұл енді өте күрделі мәселе. Себебі, өте қымбат. Сол себепті ондай мәселені көтерген дұрыс.
Нұржайнар Тәжібаева, қала тұрғыны:
- Қазір иә, шынымен де аутизммен ауыратын балалар көбейіп кеткен. Әр қалада реабилитациялық орталықтар ашылу керек деп ойлаймын. Себебі мен өзім анамын. Ол аналар үшін де, ата-аналар үшін де кәдімгідей көмек болушы еді, Үкімет жағынан осындай қолдаулар болса.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық емес шаралардың әсерін ешкім есептемейді және бақыламайды. Бұл туралы Жоғары ау ...
Елордада «Қазіргі заманның үздік мұғалімі» республикалық байқауының марапаттау рәсімі өтті. Шара инклюзивті б ...
Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен сауда-саттық айналымы ...