• 21-03-2025

Ақтауда шенеуніктер бір киіз үйді 7 млн теңгеден сатып алмақ болған

Ақтауда шенеуніктер бір киіз үйді 7 миллион теңгеден сатып алмақ болған. Сөйткен олар барлығы 12 киіз үйге тапсырыс бермек болыпты. Алайда, шенділердің бұл ретте жолы болмады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алдымен әлеуметтік желіде мемлекеттік сатып алулар сайтынан алынған аталған факті жылдам тарап, қоғамның наразылығын туғызды. 12 киіз үйге әкімдік қызметкерлері 81 млн теңге жұмсамақ болған. Қадағалау органының қызметкерлері жекелей зерттеу жүргізіп, мұндай тауарды 6 млн 750 мың теңгеге емес, 1, 5 — 2 миллион теңгеден де сатып алуға болатынын анықтады, деп хабарлайды Astana.tv.

«Біздің ұсынысымызды қарау үшін әкімдік қызметкерлеріне бір ай уақыт берілді, осы мерзім өткеннен кейін олар бізге киіз үй бағасын анықтаған адамға қатысты қандай шаралар қабылдағаны туралы жазбаша жауап беруге міндетті. Іс-әрекеттер тәртіптік комиссияда қаралатын болады. Былайша айтқанда, жауапкерге қандай жаза тағайындалатынын қала басшылығы шешеді».Альберт Есмұрзаев, Ақтау қалалық прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің прокуроры