Англияға жұмысқа қалай баруға болады?
Ұлыбритания – жоғары өмір сүру деңгейі, дамыған экономикасы және мансаптық өсу мүмкіндіктерімен әлемнің түкпір-түкпіріне ...
Мұндай келелі келісім жұлдызды қалашықта өткен халықаралық форумда жасалған.
Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы сөз болған жиында Серғазы Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі мен "Инфракос" және "Бәйтерек" кәсіпорындары арасында меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқу ошағында қазір 300-ден аса студент кәсіптік-техникалық бағытта білім алады. Кәсіпорындармен жасалған уағдаластық олардың кедергісіз жұмысқа орналасуына сеп болмақ.
– "Бәйтерек" жобасы биыл желтоқсан айында бірінші зымыраны ғарышқа ұшады деп жоспарланып отыр. Қазір бұл қазақстандық мекемеде біздің қазақстандық мамандар жұмыс істеп жатыр. Бірақ негізгі жұмыс басталған кезде одан екі есе, көптеу маман қажет болады. Сол себепті Байқоңыр колледжімен екіжақты келісімшартқа тұрып, әрі қарай осы мекемелерге маман иелерін дайындап, әрі қарай осы Байқоңыр ғарыш айлағын дамытуға септігін тигізеді деп ойлаймыз, – дейді ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай.
В.Челомей атындағы халықаралық ғарыш мектебінің директоры Дмитрий Шаталовтың сөзінше, бұл келісім маман тапшылығының алдын алады.
– Біз биыл бірігіп "Бәйтерек" кешенінен Союз-5 зымыранын ұшыруымыз керек. Бұл тұрғыда бізге жұмысшы мамандардың керек екені анық. Сондықтан Байқоңыр жоғары колледжі маңызды рөлге ие. Бітірушілер колледж қабырғасынан алған білімін енді кәсіби алаңда қолдануға мүмкіндік алады. Сондықтан оларға сәттілік тілеймін, – деді ол.
Мұндай жұмыстар әрі қарай республиканың беделді үлкен жоғарғы оқу орындарымен де жалғаспақ.
Ұлыбритания – жоғары өмір сүру деңгейі, дамыған экономикасы және мансаптық өсу мүмкіндіктерімен әлемнің түкпір-түкпіріне ...
Астана қаласындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында ұлттық құндылықтарды д ...
Астанада орталық атқарушы органдардың (министрліктердің) жұмыс кестесін өзгерту мәселесі қарастырылып жатыр, д ...