Алматы әуежайында туристерге ерекше құрмет көрсетілуде
2025 жылдың 21-23 наурыз аралығында Алматы қаласында Наурыз мерекесіне орай "Тәтті кәде-сый" атты ерекше акция ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Биыл Наурыз мерекесінің онкүндігін Түркияда оқитын студенттер ерекше атап өтті. Әр қалада білім алып жүрген қазақстандық шәкірттер мерекенің әрбір күніне арнайы видео роликтер дайындаған. Қазақстанның Бас консулдығының қолдауымен Ыстанбұлда оқитын студенттер осындай бейнебаянды қала сыртындағы ерекше локацияда түсірді. Жастар Наурыз тойлап жатқан қазақ ауылының көрінісін түріктің әлемге әйгілі «Ертұғрыл», «Осман», «Юнус Еміре» сияқты телесериалдары түсірілген Боздағ фильм платформасында түсірді. Студенттер өздері дайындаған бұл видеоларды әлеуметтік желілерде бөлісіп, оқырмандар тарапынан үлкен қолдау көрді.
Алина Мизамбаева, «Бірлік» қазақ студенттері бірлестігінің үйлестірушісі:
Этно стильде қазіргі мәдени жастардың стиліндегі бір бейнеролик деп айтуға болады. Бізде бұл жақта домбырашылар да бар, би билейтіндер де бар ән айтатын күй шертетін барлықтарын бір жерге жинап қазақи стильді бір бейнероликте көрсеткіміз келді.
Мұхаммед Атыф Боздағ, «Боздағ фильм» компаниясының туризм директоры:
Біз 2014 жылы құрылдық. Бұл жерде 12 түсірілім алаңы бар. Дәл қазір «Осман» және «Бір кездегі Ыстанбұл» телесериалдарының түсірілімі жүріп жатыр. Бүгін Қазақстанның Бас консулдығымен бірге осы жерге 60 студент келіп Наурыз мерекесі қарсаңында қазақ ауылы туралы бір түсірілім жасап жатыр. Бауырлас халық ретінде ортақ мирасымызды, ортақ тарихымызды жастар арасында насихаттау мақсатындағы мұндай шаралар үшін біздің есігіміз әрдайым ашық.
Айдос Әшімұлы
2025 жылдың 21-23 наурыз аралығында Алматы қаласында Наурыз мерекесіне орай "Тәтті кәде-сый" атты ерекше акция ...
Алматы Наурыз мейрамын кең ауқымда атап өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Алматы көктемгі салтан ...
Наурыз есімді 119 полицейдің ішінде төртеуі нәзік жандылар. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қазақстанның Ішкі іс ...