Заң құрылыс компанияларын емес, адамдарды қорғауы керек – Асхат Аймағамбетов
Депутаттар ұсынған маңызды түзетулердің дені қабылданбаған. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Құрылыс коде ...
Өткен жылы анасынан айырылған Дәулет Мұқаев нағашыларына қонаққа барып, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Алтын нағашыларым. Мен өз ата-әжемді көрмегенмін. Ерте қайтқан. Ал нағашы ата-әжемді көргенмін. Ақылын тыңдап, батасын алған немерелердің қатарынанмын. Бала кезде ауылға барған сайын үнемі атамның алдында төрде отыратынмын. Нағашы атам Кәкімсейіт Ақкешеұлы өте танымал жылқышы болған. 8 жасымда атам қайтса, 11 жасымда әжем қайтты. Екеуі өмірге 11 бала дүние әкелген. Нұрғалым әжем алтын құрсақты ана. Екеуі ерте шетінеп кеткен» – деп жазады Мұқаев.
Депутат видеода өзінің орнында анасы тұру керек болғанын жазып, көпті жылатты.
«Менің анам өткен жылы қайтты. Бүгін наурыз мерекесіне әрі ауызашарға орай Кәкімсейіт атамның ұрпақтары арнайы жиналып, ата-әжемізге, анама Құран бағыштадық. Марқұмдардың жатқан жері жайлы болсын.
Видеода Кәкімсейіт атаның балалары. Бір анадан туған жандар Анамның орны қанша жерден ойсырап тұрса да, жоқтатпауға тырысып жүремін. Видеода анам тұру керек жерде, мен тұрмын. Нағашылар, аман болыңыздар», – деп түйіндеді депутат.
Депутаттар ұсынған маңызды түзетулердің дені қабылданбаған. Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Құрылыс коде ...
Мәжіліс депутаты Абзал Құспан қоғамды дүрліктірген пікіріне яғни «Тоқал алуды заңдастыру қажет » деген сөзі ...
Мәжілісте астықты тасымалдаудың өзекті мәселелері туралы комитеттің тақырыптық отырысы өтті. Мәжіліс депутат ...