Павлодарда мектептерде тарих апталығы өтті
Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар қаласының мектептерінде тарих апталығы өтті. Викторина, пікірсайыс алаңд ...
Қылмыстық кірістің жалпы сомасы 50 млн теңгеден асты.
Павлодарда "TAKORP" қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары салымшылардың қаражатына пәтер сатып алып, 4 депозит ашқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпаратынша, күдіктілер 2024 жылдың наурыз бен қыркүйек айлары аралығында "TAKORP" қаржы пирамидасын басқарғаны анықталды. Ол АҚШ-тағы жарнамалық қосымшалар платформасы ретінде қызмет еткен.
"Қатысушыларды тіркеу үшін электрондық криптобиржа "ОКХ" арқылы криптовалюта сатып алуды ұсынған. Негізгі шарттардың бірі кемінде 5 жаңа салымшы тарту болған. Бұл шартты орындау арқылы құнды сыйлық ұтып алу мүмкіндігіне кепілдік берілген. 50-ден астам азамат осы уәделерге сеніп, 30-дан 500 АҚШ долларына дейін ақша салып, өз деңгейіне қарай 2 мың АҚШ долларына дейін бонустар алуға үміттенген. Қылмыстық кірістің жалпы сомасы 50 млн теңгеден асты", – делінген хабарламада.
Күдіктілер салымшылардың ақша қаражатына Павлодар қаласында 10 млн теңгеге пәтер сатып алып, банктерде 8 млн теңге сомасына 4 депозит ашқан.
Сот санкциясымен жылжымайтын мүлік пен ақша қаражаттарына тыйым салынды. Күдіктілерге қатысты "үйқамақ" және "елден кетпеу туралы қолхат" түрінде шара қабылданды.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар қаласының мектептерінде тарих апталығы өтті. Викторина, пікірсайыс алаңд ...
Қазақстанда миллиардтық заңсыз операциялар анықталды. Қылмыстық топ қырауар ақшаны "сұр" арналар арқылы қалай жым ...
Думан Қыдырмоллаев, полковник, Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары ...