Мемлекет басшысы: "Биыл диқандарымыз 27 миллион тонна астық жинады"
Президент ретінде мен осы саланың қарқынды дамуына ерекше мән беремін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А ...
Астанада ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған дөңгелек үстел өтті.
Қазақстан Еуроодақ талаптарына сай болатын үй жануарларын сәйкестендірудің бірыңғай орталықтандырылған жүйеге көшуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.
Сөзінше, министрлік ветеринариялық жүйе мен биологиялық қауіпсіздікті дамытуға ерекше назар аударады.
"Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы біздің сұрауымызбен ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің ұлттық жүйесіне баға беруде техникалық қолдау көрсетті, ол үшін алғыс айтамыз. Сонымен қатар халықаралық ұйым ескірген платформаны жаңғырту бойынша "Бірыңғай орталықтандырылған жүйе" форматына көшіру бойынша құнды ұсыныстар берді, бұл оның Еуроодақ талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді", – деді Ермек Кенжеханұлы.
Вице-министр елдегі ветеринариялық препараттар саласына да цифрлық бақылау жүйесін енгізу керек екенін жеткізді.
Айтуынша, БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы бюросымен бірлесіп, дүниежүзілік сауда ұйымының сауда стандарттары мен даму қоры (STDF) аясында гранттық қаржыландыру алу үшін өтінім әзірленіп, жіберілді.
Президент ретінде мен осы саланың қарқынды дамуына ерекше мән беремін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев А ...
Қазақстанда жыл сайын шағын және орта бизнес өкілдері көбейіп жатыр, 2015 жылы елімізде 1,2 млн ШОБ субъектісі болса, бы ...
Боливия жиын-терімге толыққанды кірісе алмай отыр. Оған себеп — жанар-жағармай тапшылығы. Күллі ауыл шаруа ...