Елена Рыбакина Швентектен ұтылды
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...
24-30 наурыз аралығында Испанияның Жирона қаласында топырақ төсенішті корттарда кәсіби теннисшілер арасында ATP Challenger Жирона турнирі өтуде.
Халықаралық турнирге үш қазақстандық теннисші қатысуда. Тимофей Скатов француз Артур Хеаны 6:2, 7:6 есебімен алғашқы кездесуінде жеңіске жетіп, іріктеудің финалына шықты. Скатовтың келесі қарсыласы Израиль өкілі Даниэль Цукерман болмақ. Матч 25-наурыз, Қазақстан уақыты бойынша 15:00-де басталады.
Тағы бір қазақстандық теннисші Денис Евсеев корт қожайыны Николя Альварес Варонаны 7:5, 5:5 есебімен жеңіп, іріктеуді жеңіспен бастады. Евсеевтің келесі қарсыласы кейінірек белгілі болады.
Александр Шевченко турнирді 1/16 финалдан бастайтын болды. Ертең, 25 наурыз Қазақстан уақытымен 22:00-де ол Ливан өкілі Бенджамин Хассанмен шеберлік байқасады.
Рейтингі жоғары болғандықтан келесі теннисшілер жарысты негізгі кезеңнен бастайды:
1.Мартон Фучович (Венгрия) – әлемдік рейтингте №90.
2.Александр Шевченко (Қазақстан) – №98.
3.Уго Деллиен (Боливия) – №103.
4.Йеспер де Йонг (Нидерланды) – №105.
5.Душан Лайович (Сербия) – №108.
6.Пабло Карреньо Буста (Испания) – №109.
7.Федерико Кория (Аргентина) – №124.
8.Хуан Мануэль Серундоло (Аргентина) – №126.
Wild Card иегерлері:
1. Душан Лайович (Сербия)
2. Алехандро Моро Каньяс (Испания)
3.Альберт Рамос-Виньолас (Испания)
Сондай-ақ турнирге Марин Чилич (Хорватия) және Карлос Табернер (Испания) сияқты танымал ойыншылар қатысады деп күтілуде.
Қытайдың Шэньчжэн қаласында теннистен «World Tennis Continental Cup» турнирі басталды. Бұл жарыста Әлем құрамасы Еур ...
Елімізде алғаш рет ауылды жерде үстел теннисі орталығы ашылды. Қазақстан Республикасы үстел тенисі федерациясы осы ...
Тараптар сумен жабдықтау және ағынды су жүйелерін іске асыру шараларын талқылады. ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министр ...