Трамп өз портретіне "Тарихтағы ең ..." деп баға берді
The Hill басылымының жазуынша , АҚШ президенті суретшінің портретті әдейі бұрмалап салғанына сенімді. Сондықт ...
АҚШ Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Майк Уолтц қызметінен айырылуы мүмкін. Себеп – оның йемендік хуситтерге қарсы әскери операцияны талқылаған жабық чатқа The Atlantic басылымының бас редакторын қателесіп қосып жіберуі, деп хабарлайды Skifnews .kz ақпарат порталы Politico.com-ға сілтеме жасап.
Бұл жағдай Ақ үйде үлкен дүрбелең тудырды. Себебі бұл чатта АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет, вице-президент Джей Ди Вэнс, ұлттық барлау директоры Тулси Габбард және басқа жоғары лауазымды тұлғалар болған. Бас редактор Джеффри Голдберг чатқа 11 наурыз күні Signal қосымшасы арқылы шақырту алып, “Houthi PC small group” деген атпен тіркелген топқа қосылған.
Ақ үй әкімшілігі бұл мәселеге байланысты екіге бөлінді: кейбір шенеуніктер Уолтцтың отставкаға кетуін талап етсе, басқалары оны қолдап отыр.
Алайда кейбір ақпарат көздері Трамп қоғам реакциясына байланысты көзқарасын өзгертуі мүмкін екенін айтады.
АҚШ Конгресі де бұл жағдайға алаңдаушылық білдірді. Өкілдер палатасының мүшесі Дон Бейкон құпия ақпараттың қорғалмаған арна арқылы таратылуын “кешірілмейтін қателік” деп атады. Сенатор Роджер Уикер болса, Қарулы күштер комитеті арнайы тексеру бастайтынын жеткізді.
Бұл жанжал Уолтцқа қатысты сынның күшеюіне себеп болды, әсіресе Республикалық партия ішіндегі изоляционистер оны неоконсерваторлармен байланысы бар деп күдіктенуде. Дегенмен, кейбір республикашылдар, оның ішінде Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон Уолтцты қолдайтынын білдірді.
Қазіргі уақытта Уолтцтың тағдыры белгісіз күйде қалып отыр. Шешімді алдағы күндері президент Трамптың өзі қабылдайды.
The Hill басылымының жазуынша , АҚШ президенті суретшінің портретті әдейі бұрмалап салғанына сенімді. Сондықт ...
Владимир Зеленский мен Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. Ақ үй басшысы өзінің әлеуметтік парақшасында әңгімен ...
Дональд Трамп пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп жатыр, деп хабарлайды 24kz. Келіссөздер Астана уа ...