Бетперде таққан жұмбақ жігіт мүгедек жанға үй сыйлап, тағы бір арманын орындады
Бұл туралы ол өз әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Бұл – "Человек в маске" атымен танылған жұмбақ ...
Бұл – "Человек в маске" атымен танылған жұмбақ жігіттің жантебірентерлік кезекті бейнежазбасы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осылайша, қайырымдылықпен айналысатын бейтаныс жан 36 жастағы Әділжанға күтпеген бірнеше қуаныш сыйлап отыр.
Өзінің кім екенін жасырып жүрген жаны жомарт адам мүгедек азаматқа жаңа баспана алып беріп ғана қоймай, емделу шығындарын да өтеп берген. Сонымен қатар, қасиетті Умраға баруға мүмкіндік жасаған.
Бірінші топтағы мүгедек Әділжан тағдырдың сан сынағына қарамастан, мешіт маңында сауда жасауды армандайды. Қазір ол өзін "ешкімге керек емеспін" деген ойынан арылған.
– Өзімді бұрынғыдай керексіз сезінбеймін. Қазір ризашылықпен өмір сүріп келемін. Бұл өмірге бекер келмеген шығармын. Сенім болса, барлық сынақтан сүрінбей өтуге болады, – дейді ол.
Маска киген бейтаныс азамат Әділжанның арманын орындауға әлі де көмектесетінін жеткізді.
– Сіз емделуге барасыз, Умраға жол тартасыз, өзіңіздің жеке дүкеніңіз болады және баспанаға ие болдыңыз, – деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Человек в маске (@chelovekvmaskee)
Бұл туралы ол өз әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Бұл – "Человек в маске" атымен танылған жұмбақ ...
Астанада №51 бағытындағы жолаушылар автобусы жүк тиегіш техникамен соқтығысып, жарық бағанасына соғылды, деп хабарла ...
“Наурызнама” онкүндігінің жоспарына сәйкес, игі істер марафоны аясында Түркістан облысы Қазығұрт ауданында 200 ...