Арқалық қаласындағы әуежай қайта жөнделеді
0:00:00 0:00:00 Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз! Арқалық қаласындағы әуежай қайта қалыпқа келтір ...
0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Шекарадағы ауылдарды дамытудың кешенді нақты кешенді бағдарламасы болуы тиіс. Сонда ғана алыс ауылдардағы көші-қон тоқтап, ел шеті жалаңаш қалмайды. Бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін айтқан Президент үкімет пен облыс әкімдеріне қайтадан құрылған шекаралық аудандарды дамыту бойынша нақты тапсырма жүктеген еді. Ал шығыстағы елдің ең шетіндегі Шанағаты ауылының қазіргі тіршілігін тілшіміз Олжас Керейхан арнайы барып, көріп келді.
Елу градус аяз болса да мұндағы ел өз ауылын тастап ешқайда көшкісі жоқ. Қазір Шанғатыда 20 түтін отыр. Бірнеше тұрғын орман шаруашылығында еңбек етеді. Негізгі күнкөріс көзі мал.
Есен Дүзкеев, Шанағаты ауылының тұрғыны:
Ауылдан ешқайда кеткімз келмейді. Осы ауылда. Малымыз бар. Техникамыз бар. Қызылағаш жағамыз.Оның түтіні қайда жатыр. Жазда жолды көтереміз деп отыр. 30 шақырымды. Бізге сол жолды көтресе ол жақсы.
Жол деп отырғаны сорап із ғана. Қыста Алтайдың ақ бораны апталап соққанда сыртпен байланыс үзіледі. Жарық та болмай қалады.
Ойрат Шекақов осы ауылда туып-өскен. Күннен энергия алатын панелдерді жеке шаруашылығы есебінен алған. Қазір жылқы өсіреді. Ауыл шекараның сақшысы дейді.
Ойрат Шекақов, Шанағаты ауылының тұрғыны:
Шекара жалаңаш қалмас үшін отырмыз да. Халық ортырғаннан кейін, мына жерде шекарада тұр. Шекара кетіп қалса міне жер жалаңаш қалды. кезінде міне жерде шекара заставасы тұрған. Соны болшағы жоқ деді ме, ақырын-ақырын бұза бастады. Істеп тұрған застава болған. Застава мұнда болған кезде мектепке бала да болар еді. Адамдарға жұмыс та болар еді. Халық та ақырын көшіп келер еді.
Көшіп келіп жатқандар да бар. Былтыр ауылға екі отбасы келіп қоныстанған. Ал қарағайдан қиып салынған ескі мектепте қазір 5 оқушы бар.
Гүлзайра Омарғазықызы, бастауыш сынып мұғалімі:
Мәселе жол және интернет болса, болды. Мен осы мектепте 38 жыл жұмыс жасадым. Бар күшімді салып келемін. Бізде бастауыш қой. Балалар қайда барады дейміз? Кішкене ғой әлі.
Шанағатыдағы жоғарғы сынып оқушылары көрші Төсқайың ауылындағы мектеп-интернатта оқиды.Биыл жазда екі ауылдың ортасындағы жол жөнделмек.
Рүстембек Кемешов, Марқакөл ауданының әкімі:
Ол жерде мынау көктемде саз балшық болып кететін жол. Соған байланысты біз есптерін мамандар түгел есептеп аяқтады. Оған шамаммен 500 миллондай көлемде ақша керек болады. Біз енді бір жылда аяқтамсақ та екі жылда аяқтасақ деген ойдамыз.
Жол мен жарық және телефон байланысы реттелсе басқа мәселе жоқ.Елдің шетінде, шекараның күзетшісіндей шағын ғана Шанағаты ауылы осылай бұйғы тіршілік ете бермек.
Олжас Керейхан