Арқалық қаласындағы әуежай қайта жөнделеді
0:00:00 0:00:00 Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз! Арқалық қаласындағы әуежай қайта қалыпқа келтір ...
Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Премьер-Министр Олжас Бектенов қалдықты қайта өңдеу саласын сынға алды. Қоқыстың тау-тау болып үйілуі экологияға, халықтың денсаулығына кері әсер етеді. Сондықтан оны кәдеге жаратуымыз керек деп жауаптыларға нақты 5 тапсырма жүктеді. Арнайы тұжырымдама әзірленетін болды. Уақытын да нақтылады. Үкімет отырысынан әріптесім Самал Қабышева толығырақ.
Былтыр 5 млн тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналған. Оның тек 26 пайызы ғана қайта өңделіп, кәдеге жараған. Оның өзінде пластик пен қағаз ғана өңделген. Енді қоқысты бизнес көзіне айналдыруды мақсат еткендерге қолдау көрсетілмек.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Өңір әкімдіктері қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жөніндегі әрбір жобаға олар іске қосылғанша толық қолдау көрсетсін. Экология, энергетика министрліктері әкімдіктермен бірге екі апта мерзімде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату саласындағы жобалар тізбесін анықтауы қажет. Әлеуетті инвесторлар тарту үшін сәуір айында аукцион ұйымдастыруы керек.
Үкімет басшысының өңір әкімдеріне нақты тапсырма беруі тегін емес. Себебі Қызылорда, Ақтөбе облыстарында біраз жоба жүзеге аспай жатыр. Бұл жөнінде экология министрі мәлім етті.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:
Қызылорда облысының аудан орталықтарында сұрыптау бойынша 6 жоба үшін жер учаскелері бөлінген. Алайда бұл учаскелерге инженерлік инфрақұрылым жеткізілмеген. Ақтөбе облысында утильтөлем есебінен 2021 жылы құны 1,6 млн еуро, қуаты жылына 60 мың тоннаны құрайтын сұрыптау желісі әлі іске қосылмады.
Қазір елімізде «ЭкоҚолдау» бағдарламасы жүзеге асуда. Биыл бұл жобаға 9,2 млрд теңге бөлінген. Мемлекет қоқысты өңдеп, табыс табамын дегендерді қолдайды. Министрдің айтуынша, техника алуға берілгелі отырған несиенің шарты өте қолайлы. 15 жылға 3 пайызбен беріледі және алғашқы екі жылында несиені өтеуге каникул беріледі.
Самал Қабышева, тілші:
Құжат 1 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов осындай тапсырма берді. Жүйені цифрландыруды тапсырды. Жалпы, жыл сайын отандық кәсіпорындарда 1 млрд тоннаға жуық қалдық жинақталып қалады екен. Оларды қайта өңдеу көлемі шамалы, небәрі 11 пайыз. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 70-80 пайызға жетеді.
Самал Қабышева