Петропавлда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға берілген баспана бір қысқа жетпей қирай бастады
Ал жаңа үйлердің кепілдік мерзімінің аяқталуына небәрі жарты жыл уақыт қалыпты. Петропавлда тасқыннан зардап ш ...
Петропавлдағы металл-пластик бұйымдарын шығаратын зауытта 112 әйел жұмыс істейді. Олар ерлермен иық тірестіріп, өндірістің дамуына үлкен үлес қосып келеді.
Ольга Гольцер зауытта 13 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұған дейін түрлі пластикалық өнімдер шығаратын оператор болған ол биылдан бастап өндіріс бригадирі атанды. Енді шағын ұжымның жұмысын ұйымдастырады.
Ольга Гольцер, өндіріс бригадирі:
-Бұл өте ауыр жұмыс. Жауапкершілігі де жоғары. Өндірісте негізінен ер адамдар істейді. Бірақ мен ортаға тез сіңісіп кеттім. Ең бастысы өзіме ұнайды. Айлық табысым да жақсы. Қазір қол астымда 11 адам бар.
Бұл зауытта пластиктен 200-ден аса тұрмыстық зат жасалады. Ольга Гольцердің міндеті – әр операторды қадағалап, өндіріс барысын реттеу. Әріптестері оны тәжірибелі маман ретінде таниды. «Нәзік жанды әйел болғанына қарамастан, кәсіпорын жұмысын ұршықша иіріп әкетті»,– дейді олар.
Ринат Жұмашев, ауысым бригадирі:
-Ольга өте жауапты маман. Бұрын бірге істедік. Қазір бөлек бригадалардамыз. Соған қарамастан маған әрдайым ақыл-кеңесін айтып, бағыт-бағдар беріп отырады. Ол жағынан аянып қалмайды.
Кәсіпорында 112 әйел жұмыс істейді. Олардың әрқайсы өз міндетіне асқан жауапкершілікпен қарап, өндірістің дамуына зор үлес қосып келеді.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Қуаныш Қазбеков
Ал жаңа үйлердің кепілдік мерзімінің аяқталуына небәрі жарты жыл уақыт қалыпты. Петропавлда тасқыннан зардап ш ...
Жетісу мен Жамбыл облыстарындағы қант зауыттары 225 мың тонна қызылша қабылдады. Атап айтқанда, Көксу қант ...
Британия үкіметі қонақүйлерде тұрып жатқан босқындарды бұрынғы әскери казармаларға көшіруді ұйғарды. Оған ...