Шырша сатып аламын деп қомақты қаржысынан айырылды
Ақмола облысының полициясына сұлулық салонында жұмыс істейтін тұрғын әйел жүгініп, Instagram желісінен шырша сату тура ...
Павлодардағы мүгедек балаларға арналған оңалту орталығында алаяқтық схема әшкере болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Павлодар прокуратурасы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын оңалту орталықтарының бірінің басшылығы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсеткені үшін төлемақыны заңсыз алғанын анықтады.
"Орталық басшысы жалған шарттар жасасқаны анықталды, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушылар ұзақ уақыт бойы орталыққа бюджет қаражаты есебінен көзделген қызметтер үшін ақы төледі. Бүгінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне жалпы сомасы 7,6 млн теңге көлемінде зиян келтірілген", — деп жазылған хабарламада.
Алаяқтық дерегі бойынша Павлодар полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады, тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ақмола облысының полициясына сұлулық салонында жұмыс істейтін тұрғын әйел жүгініп, Instagram желісінен шырша сату тура ...
№45 мекеменің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс жабық режимде өтті. Істің жай-жапсары ашық айтылмайды, деп хаба ...
Павлодар облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен кейінгі екі жылда 30 денсаулық сақт ...