Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы ресми түрде берілді. Бұл туралы М ...
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Ақмола облысының тұрғындарымен есептік кездесу өткізіп, өңірдің отын-энергетикалық кешенін дамыту бойынша негізгі мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство ақпаратына сүйенсек, кездесуде Көкшетау қаласында жылу энергетикалық станциясын салу, өңірді газдандыру, жаңартылатын энергия көздерін енгізу және халықты жылу мен электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету шаралары сияқты энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды. Өз кезегінде вице-министр өңір тұрғындарын толғандырған барлық сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, Сұңғат Есімханов азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Біз тұрғындар көтерген мәселелерді шешу үшін барлық күш-жігерімізді саламыз және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып шешу жолдарын жалғастырамыз,– деді министр орынбасары.
Бұдан өзге вице-министр өңірге жасаған жұмыс сапары аясында «Көкшетау Энерго» энергия таратушы ұйымы нысанын аралап, жылыту маусымының барысымен танысты. Сонымен қатар, Щучинск-Бурабай аймағы мен Көкшетау қаласындағы электр желілерін дамыту жобалары талқыланып, электр энергиясы тапшылығын шешу жолдары қарастырылды.
Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағы ресми түрде берілді. Бұл туралы М ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тошиаки Эндо бастаған Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кез ...
Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Телеграм-арнасында хабарлады. Мемлекет басшыс ...