Ұлттық банк халық үшін тосын ереже енгізбек
Үйіңізді не затыңызды долларға сатсаңыз, құзырлы органдардың қырына ілігесіз. Қазақстанда 50 мың доллардан ас ...
Ұлттық банк елдегі валюта айырбастау пунктеріне бағам көрсетілген тақталарды сыртқа ілуге тыйым салмақ. Тиісті қаулы «Ашық НҚА» порталында жарияланып, қоғам талқылауы 14 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаржы реттеуші органның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта айырбастау орындары бағам көрсеткіштерін көше жарнамасына жатпайтын нысан ретінде қарастырып, оларды ғимараттардың сыртына, жол белгілерінің үстіне және қоғамдық орындарға ретсіз орналастырып жатыр.
Кейбір жағдайларда мұндай ақпараттық тақталар жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, қатысушыларға қолайсыздық туғызады, – деп түсіндірді Ұлттық банк өкілдері.
Егер бұл қаулы қабылданса, бағамды көрсететін ақпараттық тақталар тек айырбас пункті орналасқан ғимараттың ішінде ғана орналастырыла алады.
Үйіңізді не затыңызды долларға сатсаңыз, құзырлы органдардың қырына ілігесіз. Қазақстанда 50 мың доллардан ас ...
Ұлттық банк араға жарты жыл уақыт салып базалық ставканы өзгертті. Базалық мөлшерлеме 18%-ке көтерілді. « ...
Базалық мөлшерлеме осымен төртінші мәрте қатарынан 16,5% деңгейінде қалып отыр. 29 тамызда Ұлттық банктің Ақ ...