Ирригациялық жүйелерді күрделі жөндеу: Жамбыл облысында үш жоба жүзеге асырылып жатыр
Барлық жұмысты вегетация кезеңі басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жамбыл облысына жұмыс сапары бары ...
ҚР ТЖМ жағдайдың дамуын бақылайды және қажет болған жағдайда қосымша ресурстарды пайдалануға дайын.
Жамбыл облысындағы жер сілкінісінен кейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы Жамбылға келді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Төтенше ведомстводан топ құрамына ТЖ алдын алу комитетінің төрағасы Серік Жүнісбеков, ТЖ жою Департаментінің бастығы Азамат Жүнісов, ҚР ТЖМ Қазселденқорғау ММ басшысы Ерболат Сәдірбеков және СБжҰЗҒО басшысы Дәурен Сәрсенбаев кірді. Мамандар жер сілкінісінің салдарын талдайды және оларды жою шараларын үйлестіреді.
Бүгін таңертең Мерке ауылында делегация зардап шеккен әлеуметтік нысандарды қарап, олардың жағдайын бағалап, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірінші кезектегі қадамдарды белгіледі.
Жедел штаб жұмысы аясында ТЖМ және жер асты дүмпулері сезілген аудандардың жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Ағымдағы сейсмикалық жағдайды, қалпына келтіру жұмыстарының барысын және залалды азайту шараларын талқылады. Ғимараттардың қауіпсіздігіне, тұрғындарға атаулы көмекке және инфрақұрылымды қолдауға ерекше назар аударылады.
Азаматтық қорғау күштері толық дайын. Құтқарушылар, дәрігерлер мен инженерлер жағдайды бақылауды жалғастыруда, көмек көрсетеді және өтініштерге жедел ден қояды.
Барлық жұмысты вегетация кезеңі басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жамбыл облысына жұмыс сапары бары ...
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
Елде дәрігер жетіспеушілігі 19 пайызға, орта санатты медицина қызметкерлерінің тапшылығы 13 пайызға азайды. ...