АҚШ-та "Дональд Трампты өлтіремін" деп пост жазған адам ұсталды
АҚШ-та бұрын университетте жұмыс істеген жас жігіт Президент Дональд Трампқа қоқан-лоққы көрсеткені үшін ұсталды ...
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Ресей Федерациясынан ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen .kz Бас прокуратураның мәліметіне сілтеме жасап.
«Аталған тұлға 2017 жылы жалған фирма құрып, контрагентке битум жеткізу бойынша жалған коммерциялық ұсыныс жіберген. Бизнес субъектісінен 50 миллион теңге алған ол қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған», делінген хабарламада.
Былтыр қазан айында күдікті аталған елдің Орлов облысында ұсталып, кейін Қазақстанның Бас прокуратурасының сұранысы бойынша елге экстрадицияланған.
Тағылған айып бойынша оның мүлкін тәркілей отырып, оған 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
АҚШ-та бұрын университетте жұмыс істеген жас жігіт Президент Дональд Трампқа қоқан-лоққы көрсеткені үшін ұсталды ...
Күдіктіге 2008 жылдың 15 мамырында есірткі қылмысымен айналысқаны үшін халықаралық іздеу жарияланған. Жетісу ...
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Дубай қаласында Қазақстан азаматы ұсталды, ...