АҚШ-та "Дональд Трампты өлтіремін" деп пост жазған адам ұсталды
АҚШ-та бұрын университетте жұмыс істеген жас жігіт Президент Дональд Трампқа қоқан-лоққы көрсеткені үшін ұсталды ...
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Дубай қаласында Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Полицияның ақпаратынша, ол еліміздің Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген.
"Ол «Lenovo Қазақстан» компаниясының корпоративтік сату жөніндегі директорын қастандықпен өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінген.
Қылмысқа техника жеткізуге байланысты алынған қарыздық міндеттемелерді орындамау себеп болған.
Былтыр күзде Алматы облысы аумағында күдіктінің тапсырысы бойынша екі қаскөй аталған кісіні өлтірген", — делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін қылмысты жүзеге асырушылар да қамауға алынған болатын.
АҚШ-та бұрын университетте жұмыс істеген жас жігіт Президент Дональд Трампқа қоқан-лоққы көрсеткені үшін ұсталды ...
Күдіктіге 2008 жылдың 15 мамырында есірткі қылмысымен айналысқаны үшін халықаралық іздеу жарияланған. Жетісу ...
Қарағанды қаласында патрульдік полиция полкі қызметкерлері автокөлік ұрлығына күдіктіні жедел ұстап, құқық бұз ...