Иранда Нобель сыйлығының лауреаты қамауға алынды
Иранда әйелдер құқығы үшін және репрессияға қарсы күресімен танымал Наргиз Мохаммади тағы да ұсталды, деп хабарлайды ...
Иран Қарулы күштерінің Бас штабы Ислам Республикасына бағытталған кез келген агрессияға қатаң жауап қайтарылатынын ескертіп, жүздеген баллистикалық зымыран ұшыруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ирандық әскерилер арнайы мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәлімдемеде Иран әрдайым аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдайтынын, алайда елге төнген кез келген қауіпке, шабуылға немесе тұтастығын бұзуға бағытталған әрекеттерге қатаң шара қолданылатыны айтылған.
Ирандық әскери басшылардың айтуынша, ел аумағындағы зымыран қондырғылары толық дайындықта тұр. Кез келген агрессиялық әрекет басталған жағдайда баллистикалық зымырандар бірден іске қосылады.
Тегеран әсіресе АҚШ тарапынан жасалған өктем және арандатушылық әрекеттерге жиі тап болатынын мәлімдеді. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды «бұрын-соңды болмаған ауқымды бомбалаумен» қорқытқан еді.
Иран билігі мұндай қысымға төтеп беруге дайын екенін тағы бір мәрте ескертіп, елдің қорғаныс қабілеті жоғары деңгейде екенін жеткізді.
Иранда әйелдер құқығы үшін және репрессияға қарсы күресімен танымал Наргиз Мохаммади тағы да ұсталды, деп хабарлайды ...
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкианның назарына Иран Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мұрағ ...
АҚШ Венесуэла жағалауында заңсыз ірі көлемде мұнай тасымалдаған кемені қолға түсірді. АҚШ Бас прокурорының а ...