Ирригациялық жүйелерді күрделі жөндеу: Жамбыл облысында үш жоба жүзеге асырылып жатыр
Барлық жұмысты вегетация кезеңі басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жамбыл облысына жұмыс сапары бары ...
Жамбыл облысында жер сілкінісінен бүлінген баспана тізімі қысқарды. Үкіметтік жұмыс тобы тұрғындардан түскен арыздарды қарау барысында кейбір үй бұған дейін де тозығы жетіп тұрғанын анықтаған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әу баста зілзаладан 122 баспана зақымданды делінген. Алайда нақты бүлінген үй саны — он екі. Мамандар шығын көлемін шығару үшін әлі де сараптама қорытындысы қажет екенін айтады. Өйткені Меркі мен Тұрар Рысқұлов ауданында 17 әлеуметтік нысан зақымданған. Әсіресе, 5 балл тербеліс тіркелген Меркіде аудандық аурухана ғимараты, бірнеше ауылдағы амбулатория, балаларды оңалту орталығы мен балабақша қабырғаларына сызат түскен.
"Екі әлеуметтік нысан және бірқатар тұрғын үй зақымданғаны туралы өтініш түсті. Арнайы мамандармен және ғылыми зерттеу институтының және салалық мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен зерделеу нәтижесіне сәйкес тиісті шешім қабылданады", — дейді Меркі ауданы әкімнің орынбасары Ернар Әбілдаев.
Еске салайық, 28 наурызда түнде Жамбыл облысының бірқатар ауданы мен Тараз қаласында жер сілкінісі тіркелді.
Жер асты дүмпуінің жоғары қарқыны 5 балл болды. Бұл Меркі ауданындағы Меркі ауылында тіркелді. Т.Рысқұлов ауданының Құлан ауылында жер сілкінісінің күші 4 балл, Тараз, Шу қалаларында, Қордай, Мойынқұм аудандарында 2 балл болды.
Астана уақытымен сағат 15:56-да тағы бір жер сілкінісі болды.
Бұған дейін Үкіметтік жұмыс тобы жағдайды сараптап, бағалау және шара қолдану үшін Жамбыл облысына жіберілді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Барлық жұмысты вегетация кезеңі басталғанға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жамбыл облысына жұмыс сапары бары ...
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Семей қаласында, Гёте көшесіндегі жеке аумақта өрт шықты, деп хабарл ...