Елде 27 мыңнан аса ғалым бар
Оның 47 пайызы – жастар. Кейінгі бес жылда ғылым саласына серпін беретін бастамалар артып, жас ғалымдарға жаң ...
Осы күні елде есірткіге тәуелді 18 мың адам диспансерлік тіркеуде тұр.
Мұндай статистикалық деректі Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев айтып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Есірткі қылмысына қарсы күрес қанша күшейтілсе де, онымен айналысатындар мен қолданатындар саны азаймай тұр. Ең өкініштісі, оның 66 пайызы кәмелетке толмаған жастар екен.
Тәшімбаевтың сөзінше, өткен жылы 27 тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 95 заңсыз зертхана жойылған. Саладағы жұмыстың тиімділігін арттыру үшін құқық қорғау органдарына нақты міндеттер қойылып, оның нәтижелері тұрақты бағаланады.
Осы күні есірткі саудасының ошағы саналатын телеграм арналары қатаң бақылауға алынып, оған тіпіт арнайы қызметкерлер бекітілген. Мұны Бас прокурордың бірінші орынбасары "ҚазАқпарат" ақпарат агенттігінің "Bizdin orta" подкастында нақтылап өтті.
– Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар өндірісінде есірткі дүкендеріне қатысты 6 ірі іс қаралып жатыр. Бұл істер бойынша шамамен 50 адам қамауға алынды, оның 9-ы – түрлі күштік құрылымдардың қызметкерлері. Осы жұмыстардың аясында 3,5 млрд теңге тәркіленді. Оның жартысы криптовалюта түрінде, – деді ол.
Оның 47 пайызы – жастар. Кейінгі бес жылда ғылым саласына серпін беретін бастамалар артып, жас ғалымдарға жаң ...
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген психотроптық заттардың жалпы салмағы 495,32 грамды құрады. Шығыс Қазақ ...
Жамбыл облысында жантүршігерлік кісі өлімі бойынша сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. ...