Аяғына пышақ сұққан: Теміртауда автобуста жолаушыны жарақаттаған ер адам қолға түсті
Аяғына пышақ сұққан: Теміртауда автобуста жолаушыны жарақаттаған ер адам қолға түсті. Қанды оқиға жайлы ақпарат әл ...
Теміртаудағы зейнеткерге зорлық-зомбылық көрсету ісінде кейбір жаңа мәліметтер анықталды , деп хабарлайды Egemen.kz.
Естеріңізге сала кетейік, бір топ жасөспірім жалған айтумен жалғызбасты зейнеткердің үйіне кіріп, қорғансыз адамды аяусыз ұрып-соғып, тонап кеткен. Олар зейнеткерге қатысты жасаған қорлықтарын видеоға түсіріп, оны достарына және таныстарына таратқан. Бұл бейнемазмұнды басқа бір топ жастар көріп, тонаушыларды «жазалау» шешіміне келген.
«Теміртау қаласының 67 жастағы тұрғынына қатысты шабуыл мен тонау фактісі бойынша жүргізіліп жатқан тергеу барысында, қылмыс жасалғаннан кейін, екі күдікті басқа жасөспірімдер тарапынан шабуылға ұшырағаны анықталды», деп хабарлады Қарағанды облысының Полиция департаменті.
Бұл жағдай бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Барлық жасөспірімдер ұсталып, полицияға жеткізілді, сондай-ақ олар профилактикалық есепке қойылды. Олардың заңды өкілдері тәрбие мәселесінде жауапкершілікке тартылатын болады», делінген хабарламада.
Сонымен қатар, құқық қорғаушылар барлық әрекеттерге тек заң аясында құқықтық баға берілетінін және заңсыз әрекеттерге тек құқықтық негізде жауап берілетінін атап өтті.
Аяғына пышақ сұққан: Теміртауда автобуста жолаушыны жарақаттаған ер адам қолға түсті. Қанды оқиға жайлы ақпарат әл ...
Петропавлда ерлі-зайыпты 79 жастағы қала тұрғынының 13 миллион теңгесін қолды етті. Олар зейнеткерге қызының жол-көл ...
Желіде бейнежазба тарады. Израиль Қорғаныс армиясының зымыранмен жасаған соққысы салдарынан Газа қаласының б ...