“Құмар ойынға жұмсаған“. Келні енесінің алтындарын қолды қылған
Түркістанда полицейлер 8,5 миллион теңге шығын келтірген ұрлықтың бетін ашты, — деп хабарлайды Massaget.kz ...
Петропавлда ерлі-зайыпты 79 жастағы қала тұрғынының 13 миллион теңгесін қолды етті. Олар зейнеткерге қызының жол-көлік оқиғасына кінәлі екенін, істі жабу үшін қомақты қаржы қажет екенін айтқан. Айтылған мәліметтің рас-өтірігін тексермеген петропавлдық қаржыны курьер-дропперлердің қолына ұстатқан, деп жазады Egemen.kz.
Біршама уақыттан кейін алданғанын түсінген қарт құзырлы органдарға арыз түсірген. Жедел іске кіріскен полицейлер бейнебақылау камералары арқылы ерлі-зайыптылардың жеке басын анықтады.
Осылайша күдіктілер 25 қарашада оқиға болған уақыттан үш күн өткен соң ұсталды. Тергеу барысында олардың Петропавл қаласында тұратыны белгілі болды. Курьер-дропперлерді Көкшетаудағы нұсқаушылар жұмсап, алынған қаржыны өз есеп шоттарына аудартқан.
ІІМ мамандары ерлі-зайыптылардың осы сипаттағы тағы бір іске қатысы барын, ол оқиға бойынша жәбірленушілердің 1,5 млн теңге сомасындағы қаржысына залал келтіргенін анықтады.
Қазір алаяқтыққа байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталған.
Түркістанда полицейлер 8,5 миллион теңге шығын келтірген ұрлықтың бетін ашты, — деп хабарлайды Massaget.kz ...
Францияда Луврды тонады деген күдікпен тағы бес адам ұсталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. RT ...
Алматы қаласында полицейлер «Скупщик» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді. Нәтижесінде Медеу ауданында ұрланған зат ...