Ақтау мен Атырау әуежайларында рейстер кешігіп жатыр
Бүгін Ақтау және Атырау қалаларынан ұшып шығуды жоспарлап отырған жолаушыларға рейстердің кешігетіні туралы хабарлам ...
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяда әскери-теңіз күштеріне тиесілі патрульдік ұшақ апатқа ұшырап, төрт экипаж мүшесі мерт болды, деп жазады Egemen.kz.
Ұшақ бейсенбі күні жергілікті уақытпен сағат 13:49 шамасында елдің оңтүстік-шығысындағы тау бөктеріне соғылған. Куәгерлер биікке көтерілген түтінді байқап, жарылыс дауысын естіген.
Әскери-теңіз күштерінің мәліметінше, P-3 теңіз авиациясы ұшағы Пхохан қаласындағы әуе базасынан сағат 13:43-те ұшып шыққан. Ұшу мен қону бойынша оқу-жаттығу тапсырмасын орындауға кіріскен әуе кемесі белгісіз себеппен ұшқаннан алты минут өткен соң апатқа ұшыраған.
Ұшақ бортында екі офицер мен екі кіші офицер болған. Барлығының мәйіті табылды.
Қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін арнайы тергеу тобы құрылып, P-3 үлгісіндегі ұшақтардың уақытша ұшуы тоқтатылды. Тұрғындар тарапынан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Ел президентінің міндетін атқарушы Ли Джу Хо Қорғаныс министрінің міндетін атқарушы Ким Сон Ходан ақпарат алған соң, құтқару жұмыстарын жеделдетіп, экологиялық залалды болдырмау үшін барынша шара қабылдауға шақырды.
Бүгін Ақтау және Атырау қалаларынан ұшып шығуды жоспарлап отырған жолаушыларға рейстердің кешігетіні туралы хабарлам ...
Алматының Әуезов ауданында жаппай жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz kris_p_almata парақшасына сілтем ...
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қайғылы жол апатынан кейін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. 23 қаз ...