Мектеп жанындағы жазғы лагерь: Эко мәдениет пен ұлттық құндылықтар
Астанада оқушылардың жазғы уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп жанындағы лагерлер жұмыс істеп жатыр. ...
Шымкент әкімі 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында халықаралық деңгейде қаламыздың абыройын асқақтатып жүрген дарынды оқушылармен кездесті. Олар олимпиада мен ғылыми жобаларда, шығармашылық байқауларда топ жарып жүрген, жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, үнемі ізденіс үстінде жүретін мектеп оқушылары , деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік ұсынған мәліметке сүйенсек, биыл оқушылар халықаралық және республикалық деңгейдегі білім бәйгелерінде 38 медаль иеленді, оның 20-сы — халықаралық байқаулар мен жарыстардан түскен жүлделер.
Соңғы жылдары мектеп оқушылары математика, физика, информатика және компьютерлік жобалар бағытында барлығы 64 медаль алып, жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Бұл жетістіктер қаламыздың білім саласындағы беделін арттыруға өз үлесін қосуда — деді қала әкімі Ғабит Сыздықбеков.
Ашық диалог форматында өткен кездесу барысында қала басшысына оқушылар өз жобаларын таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті және өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Әрқайсысына ерекше тоқталып, олардың жетістіктерін мақтан тұтатынын атап өтті. Себебі жас өрендер — еліміздің болашағы, әрі бүгіннің өзінде елдің дамуына елеулі үлес қосып келеді. Сонымен қатар мегаполис басшысы әрбір жетістіктің артында тек талант емес, еңбекқорлық, табандылық және ұстаздар мен ата-аналардың өлшеусіз еңбегі тұр. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, бағыт-бағдар көрсетіп жүрген мұғалімдер мен ата-аналарға шынайы ризашылығын білдірді.
Кездесу соңында қала әкімі оқушыларға Алғыс хаттар мен 100 000 теңге көлеміндегі сертификаттар табыстады. Мұнан соң Ғабит Сыздықбеков жас жеткіншектерге алда биік белестерді бағындыруға, өз күшіне сенуге және алға қойған мақсаттарына жетуге сәттілік тіледі.
Астанада оқушылардың жазғы уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектеп жанындағы лагерлер жұмыс істеп жатыр. ...
Астана қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейінің жазғы этнолагерінде ерекше экологиялық жоба таныстырылд ...
Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа осы мәселеге қатысты депутаттық ...