• 14-06-2025

Түркістан облысында су соратын 24 заңсыз сорғы анықталды

Түркістан облысында су соратын 24 заңсыз сорғы анықталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тексеріс барысында Арал-Сырдария бассейн инспекциясы мамандары Түркістан облысы Шардара ауданының Жаушықұм суару алқабынан тіркелмеген 24 сорғыны анықтады. Тексеріс нәтижелері тиісті шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданды.

Сондай-ақ, жергілікті әкімдікке анықталған заңбұзушылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілген.

Айта кетейік, 2025 жылы бірінші тоқсанында Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекциялары 20 тексеріс жүргізіп, нәтижесінде 26 заңбұзушылық анықталып, 10 ұйғарым шығарылып, 13,3 млн теңге сомасына 133 әкімшілік айыппұл салынған.

"10 маусымнан бастап жаңа Су кодексі күшіне енеді. Құжатқа сәйкес бассейндік инспекциялар қадағалау және жедел әрекет ету шараларын қабылдау құқығына ие болады. Сонымен қатар, Су кодексіне сәйкес Әкімшілік кодекске де өзгерістер енгізіліп, су заңнамасын бұзғандарға жазалау шаралары күшейтіледі", - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget