Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz. ...
Ұлттық банк валюта нарығындағы жағдайды мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мамырдың қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 510,82 теңгеге дейін, 0,3%-ға нығайды. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі бір айда 246 миллионнан 238 млн АҚШ долларына дейін төмендеген.
Сауда-саттықтың жалпы көлемі 4,5 млрд АҚШ доллары болды.
"Мамырда Ұлттық қордан 988 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Бұл республикалық бюджетке трансферт бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 22%-ы немесе күніне шамамен 52 млн АҚШ доллары болады", — деп жазылған хабарламада.
Ұлттық банк маусымда Ұлттық қордан 700 миллионнан 800 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп болжап отыр.
Ұлттық банк мәліметінше, мамырда валюта интервенциясы жүргізілмеген.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz. ...
Қаржы министрі Мәди Такиев алдағы үш жылға доллар бағамы бойынша болжам жасады, — деп хабарлайды Massag ...
Үйіңізді не затыңызды долларға сатсаңыз, құзырлы органдардың қырына ілігесіз. Қазақстанда 50 мың доллардан ас ...