• 15-06-2025

Ұлттық банк мамырда 1 млрд доллар валюта сатты

Мамыр айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 510,82 теңгеге дейін 0,3%-ға нығайды.

Ұлттық банк елдегі барлық алтынды сатып алып, сыртқы нарыққа сатып, долларды қайта ішкі нарыққа салу операциясын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық банк алтын мен долларды теңестіруді одан әрі жалғастыруда, оны жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан 213 миллиард теңге алынған. Маусым айында да дәл осы сомадағы валюта сатылады деген болжам жасалып отыр.

"Ұлттық қор қаражатымен операциялар жүргізу, сондай-ақ "айналау" тетігін іске асыру кезінде Ұлттық Банк нарықтық бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді", – деп жазылған ресми хабарламада.

Ұлттық Банк мамырда валюталық интервенция жүргізген жоқ.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық банк Қазақстанның халықаралық резерві жайлы мәлімет жариялады. Елдің халықаралық қоры алғаш рет 50 млрд доллардан асып отыр.

Халықаралық резерв – Ұлттық банктің шетелде сақтап отырған алтын және валюта түріндегі қорлары, бірақ оның өз міндеттемелері есептелмеген таза сома.