Қазақстанда мемлекеттік қарызды басқару жөніндегі кеңес құрылды
Бұл ақпаратты Ұлттық банкі таратты. Ұлттық Банкі Қаржы министрлігімен және Ұлттық экономика министрлігімен бірлесі ...
Үкімет 2 шілдеде Ұлттық қорды қалыптастыру, пайдалану және есеп беру тәртібін реттейтін жаңа қағидаларды бекітті.
Бұдан былай Ұлттық қор активтері Бюджет кодексінде көрсетілген түсімдер есебінен жинақталады, ал оның қаражаты тек заңмен белгіленген мақсаттарға жұмсалады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұлттық банк Үкіметке Ұлттық қор қаражатын есепке алу және оны жұмсау үшін теңгелік шот және шетел валютасында түсетін қаражаттың теңгелік баламасын есепке алу үшін теңгеде тиісті шот ашады.
Мұнай секторы ұйымдарына:
– шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен айналысатын заңды тұлғалар;
– шикі мұнайды, газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар;
– жер қойнауын пайдаланушы салықтық міндеттемені заттай нысанда орындау есебіне берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушылар жатады.
Демек, Ұлттық банк Үкіметтің Ұлттық қордағы қаражатын басқару, шетел валютасындағы түсімдерді теңгеге айырбастап, тиісті шоттарға аудару жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер де арнайы тәртіппен есепке алынбақ.
Қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген және нысаналы трансферттер ай сайын, алдын ала болжанған қажеттілікке сай аударылады. Мемлекеттік қазынашылық пен Ұлттық банк трансферттердің көлемін және олардың аудару мерзімін өзара келісіп, іске асырады.
Жаңа қағида Үкімет қаулысы жарияланғаннан соң 10 күн өткенде күшіне енеді.
Бұл ақпаратты Ұлттық банкі таратты. Ұлттық Банкі Қаржы министрлігімен және Ұлттық экономика министрлігімен бірлесі ...
Қараша айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция төмендеп, 12,4% деңгейінде тұрақтады. Бұл туралы Үкімет от ...
Олар Қазақстанда "қате жіберілген" аударымдарға байланысты алаяқтық оқиғалар жиілеп кеткенін жасырмайды. Бұл турал ...