Калифорния басшылары Трамптан Ұлттық ұлан әскерін Лос-Анджелестен алып кетуді талап етті
Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом президент Дональд Трамптан Лос-Анджелестен Ұлттық ұлан әскерін алып кет ...
Ақтауда Ұлттық ұлан қатарында әскери борышын өтеген 200 әскери қызметшіні запасқа шығару рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы otpannews. kz-ке сілтеме жасап.
Сарбаздарға құрмет көрсетуге бағытталған жауапты іс-шара барысында 6656 әскери бөлімінің командирі полковник Болатбек Мұхамбетқалиев Ақтауда әскери борышын өтеген сарбаздардың атқарған еңбегін жоғары бағалап, ақжол тіледі.
«Бүгін әскери бөлімдегі қызмет уақыттарыңыз аяқталып отыр. Осыдан бір жыл бұрын сарбаз болып, әскерге келіп едіңіздер. Бірлесе жүресіп қызмет атқардық. Осы уақыт ішінде әскери жауынгерлік дайындықтан өтіп, Ұлттық ұлан сапында елдің тыныштығы үшін маңдай терді төктіңіздер. Әскерде жүріп көптеген дос таптыңыздар. Екінің бірінің қолынан келмейтін үлкен жолдан өттіңіздер. Өздеріңізге жүктелген жауапты міндетті абыроймен өтеп шықтыңыздар. Жолдарыңыз ашық болсын. Өмірде үлкен жетістіктерге жете беріңіздер. Адал қызметтеріңіз үшін әскери бөлімнің атынан алғыс айтамын. Бүгін запасқа шығып жатқан сарбаздарға өмірде сәттілік тілеймін.», — деді Болатбек Мұхамбетқалиев.
Республикалық «Аналар жүрегі» сарбаз аналары комитетінің Маңғыстау облысындағы өкілі Гүлмира Жанысбаева әр ананың баласы үшін алаңдап, үнемі тілеу тілейтінін тілге тиек етті.
«Бүгін сіздерді үлкен қуанышпен шығарып салып отырмыз. Сіздер әскерге аттанғанда аналық уайыммен қарап, сәл де болса алаңдап жүрсек те, бүгін ержетіп, шыңдалған нағыз азамат ретінде көріп отырмыз. Бұл біз үшін шексіз бақыт. Сіздер елдің үмітісіздер. Біз бір жыл ішінде темірдей тәртіпке бағынып, шыдам мен сабырлықтың, достық пен рухтың не екенін сезініп шыққан сарбаз ретінде бағалаймыз. Әскерден алғаш тәрбие адалдық пен жауапкершілік, азаматтық өмірде де серік болсын», — деді Гүлмира Жанысбаева.
«Amanat» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Анар Шамшадинова әскерге бару – азамат болудың үлгісі екенін жектізді.
«Жауапты да күрделі міндеттеріңізге алдағы уақытта сәттілік тілеймін. Сіздер үшін бүгін әсерлік күн. Отан алдындағы борыштарыңызды абыроймен өтедіңіздер. Бұл жерде бір жыл бойы заңдылықты, табандылықты және достықтың қадірін үйрендіңіздер. Отанға деген патриоттық сезімді сезіне білдіңіздер. Сіздердің өмірлеріңізде әлі талай бастауларға ұйытқы болады. Жолдарыңыз әрдайым ашық болсын. Киелі өлкемізде Отан алдында атқарған қасиетті парыздарыңызға рахмет айтамын», деді Анар Шамшадинова.
Әскерде жүріп, міндетін мүлтіксіз атқарған үлгілі сарбаздарға өңірдегі бірқатар күштік құрылым басшылығы атынан алғыс хаттар табысталды. 6656 әскери бөлімі әрбір алты ай сайын 200 сарбазды үйіне шығарып салса, сәйкесінде тура сондай көлемде әскерге шақырылған сарбаздарды қатарына қосып отырады.
«Бір жыл бұрын Отан алдындағы борышымды өтеуге келгенімде жүрегімде қобалжу да, мақтаныш та қатар жүрді. Бүгін, міне, әскери қызметімді аяқтап, елге аман-есен оралатын сәт туды. Бұл бір жыл мен үшін үлкен өмір мектебі болды. Төзімділік пен тәртіпті, жауапкершілік пен ерлікті үйрендім. Әскери өмірдің әрбір сәті – менің жүрегімде мәңгі сақталады. Енді мен – Отан қорғаушысы деген абыройлы атқа лайық болдым деп сенемін. Елге барған соң да, осы жерден алған тәртіп пен тәрбиені өмірімде қолданамын», — деді сарбаздардың бірі.