Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
Түркияның Мәрмәр теңізі жағалауында орналасқан Мұғла қаласында жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат 2:17-де магнитудасы 5.8 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz TRT Haber телеарнасына сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулері Мармара қаласынан 10 шақырым қашықтықта, 67,91 км тереңдікте орын алған. Зілзаланың күші Мұғламен қатар жақын маңдағы провинцияларда да қатты сезілген.
Алғашқы мәліметтер бойынша, бір тұрғын екінші қабаттағы үйінен үреймен секіріп, қаза тапқан. Сонымен қатар, осыған ұқсас себептермен 69 адам түрлі деңгейде жарақат алғаны хабарланды.
Жер сілкінісінен кейін Түркия билігі цунами қаупін жариялап, тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Аймақта құтқару және жедел көмек көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ. Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, с ...
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды ...
Бүгін алматылықтардың ұялы байланыс телефондарына келген хабарландыру жұртты дүр сілкіндірді. Әсіресе, қоғамдық орындард ...