Жамбылда жыл басынан бері 7 бала көпқабатты үйдің терезесінен құлаған
Салдарынан 6 бала жарақат алып, 1 бала қаза тапқан. Жыл басынан бері Қазақстанда 60 бала көпқабатты үйдің те ...
Балаларды қабылдау 31 тамызға дейін жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарда 2025-2026 оқу жылына топтарды жинақтау қалай жүргізілетінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілген өңірлерде ваучерлерді бөлу кезек жаңартылғаннан кейін, нақтырақ айтқанда, 1 шілдеден бастап жүзеге асады.
Бұл Тараз, Түркістан, Шымкент, Орал, Астана, Семей, Өскемен, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Қонаев, Қосшы, Талдықорған қалаларына, сондай-ақ Байзақ, Сарыағаш, Жетісай, Сайрам, Қазығұрт және Мақтаарал аудандарына қатысты.
Ваучер алу үшін қажет:
1.Келісімді 2 жұмыс күні ішінде растау керек.
Ваучер расталмаған жағдайда өтініш белсенді емес болып есептеледі, ал ата-ана немесе заңды өкіл оны 28 күнтізбелік күн ішінде тек бір рет қайта қалпына келтіре алады.
2.Балабақшаны таңдап, құжаттарды жинап, келісімшартты 5 жұмыс күні ішінде рәсімдеу қажет.
Егер ваучерден бас тартса, кезек жойылады. Егер қалаған балабақшада бос орын болмаса, ата-ана баланы "күту парағына" қоя алады. Бос орын пайда болған жағдайда жеке кабинетке жаңа хабарлама жіберіледі.
Қалған өңірлерде жас ерекшеліктері бойынша топтар жинақтау 1 тамыздан басталады. Бос орын туралы хабарламалар алдымен кезекте тұрғандарға беріледі. Ата-анаға жолдаманы растауға немесе одан бас тартуға 2 күн беріледі. Егер жолдама расталса, 5 жұмыс күні ішінде құжаттарды тапсырып, келісімшарт жасайды. Қажет болған жағдайда жолдаманы 30 күнтізбелік күнге дейін бір рет ұзартуға болады.
Егер құжаттардың толық пакеті ұсынылмаса, мерзімі өтіп кеткен болса немесе екпе алмаған балалар саны рұқсат етілген мөлшерден асып кетсе, балабақша құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқылы.
Құжаттарды алдын ала тексеріп, жеке кабинеттегі хабарламаларды қадағалап отыру қажет екені ескертіледі.
Салдарынан 6 бала жарақат алып, 1 бала қаза тапқан. Жыл басынан бері Қазақстанда 60 бала көпқабатты үйдің те ...
Ақ жағалылырдың шешіміне қарсы шыққан көпшілік білім бөліміне келіп шу шығарды. Қызылордада мыңдаған бү ...
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі сотында өңір тұрғынын ана құқығынан айыру мәсел ...