Шекарасыз білім: неге Қазақстан студенттері Ресей университеттерін таңдайды
Ресейде білім алу қандай мүмкіндіктерге жол ашатынын айтып береміз. Бүгінгі таңда Ресейдің жоғары оқу орындарында ...
Талдықорғанда «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі оқу жылын аяқтап, қорытынды кеш өткізді. Оқушыларды танымал ақын-жазушылар қызыл кілемде қарсы алып, қолтаңба берді. Биыл ақпан айында басталған жоба мамырға дейін 8 аудан, 2 қаланы аралап, 200 ден астам баланы әдебиетке баулыған. Мектеп жеті бағыт бойынша жұмыс істеді. Эссе жазып, өлең оқуда үздік атанған 100 оқушы ақтық сынға жолдама алған. Олардың ішінде алғаш рет кітап оқыған жастар да болды. Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен іске асқан бұл жобаға еліміздің тағы да үш облысы қызығушылық танытып отыр.
Жұматай Оспанұлы, «Жетісу» газетінің бас редакторы:
Енді бұл бұнымен тоқтап қалмау керек. Бір сәттік іс болмау керек. Әдебиет әлеміндегі жұмыс ол жалғасын табу керек. Әрі қарай да санын да, сапасын да көтеру керек. Ол үшін әрине аянбай еңбек ету қажет.
Дамир Нұрмұхамет
Ресейде білім алу қандай мүмкіндіктерге жол ашатынын айтып береміз. Бүгінгі таңда Ресейдің жоғары оқу орындарында ...
Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Қазақстанда кітап оқу мәдениетін ...
8-ші сыныптың 50 оқушысы Әділет жобасына қабылданды. Астаналық оқушылар заң мен құқықты тереңдетіп оқитын болды. " ...