Ақтөбе облысындағы жол апатынан кейін тасжолды кеңейту жұмыстары басталды
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қайғылы жол апатынан кейін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. 23 қаз ...
Шымкент қаласында жас әйелдің такси көлігінің әйнектерін ұрып, сындырып жатқан сәті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада әйел адамның көлік әйнектерін ұрып, сындырып жатқаны анық көрінеді.
Полицияның хабарлауынша, оқиғаға орай ҚР Қылмыстық кодексінің 204-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», деп мәлімдеді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, мұндай әрекет үшін 50 АЕК-ке дейін (шамамен 196 600 теңге) айыппұл салынуы немесе 5-тен 20 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін. Егер материалдық шығын көлемі елеулі деп танылса, іс қылмыстық жауапкершілікке ұласуы ықтимал.
Жанель ТӨЛЕУБЕКОВА, ЕҰУ стдуенті
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қайғылы жол апатынан кейін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты. 23 қаз ...
Астана тұрғыны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін сотталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Алая ...
Астанада тұрмыстық-отбасылық қылмыс біршама азайған. Қалалық прокуратурының мәлеметінше, жыл басынан бері ...