Петропавлда жұмысшы биіктен құлап, мерт болды
Петропавлда монтаж жұмыстары барысында көтергіш платформадан екі адам құлап кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпара ...
Петропавлда ГАЗель мен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты. Олардың біреуі жеті жасар бала, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оқиға 5 маусым күні кешкі сағат жетілер шамасында болған. "Добрый путь" дәмханасының маңында ГАЗель мен Mercedes соқтығысып, төрт адам тірідей жанып кеткен. Қаза тапқандардың арасында жеті жасар қыз да бар. Жол апатынан тағы екі адам зардап шеккен.
"32 және 39 жастағы екі адам көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде болса, екіншісі травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр", – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Қазір жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Куәгерлердің сөзінше, жеңіл көлік жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Сол сәтте жүк көлігімен соқтығысқан. ГАЗельде әкесі мен жеті жасар қызы болған.
Петропавлда монтаж жұмыстары барысында көтергіш платформадан екі адам құлап кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпара ...
Ал жаңа үйлердің кепілдік мерзімінің аяқталуына небәрі жарты жыл уақыт қалыпты. Петропавлда тасқыннан зардап ш ...
Петропавлда республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті экологиялық шара өтті. Бұл жолы жастар ...