Қазақстан мен Корея су тасқынын жасанды интеллектпен болжауға кірісті
Тэгу қаласында Корея Республикасы Климат, энергетика және қоршаған орта министрлігі ұйымдастырған Korea Internationa ...
Ал жаңа үйлердің кепілдік мерзімінің аяқталуына небәрі жарты жыл уақыт қалыпты.
Петропавлда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға берілген баспаналарда тұру мүмкін емес. Сорақысы, былтыр ғана үлестірілген үйлер бір қысқа да шыдамаған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Қабырғалары сөгіліп, сызат түсе бастапты. Тіпті жел үріп, үйдің іші аңырап кетеді дейді. Жұрт жаздан бері жағдайларын айтып, мердігерге де, әкімдікке де барған. Бірақ халық үніне құлақ асар адам әлі табылған жоқ.
Жаңа үйлердің қабырғасы дәл осындай қақырап жатыр. Тіпті, үңірейген жарықшақтардың арасына адам қолы емін-еркін сыйып кетеді. Бөлмелердің барлығы көгеріп, сызат түсе бастаған. Дұрыс салынбаған терезеден үнемі жел соғып тұрады дейді жұрт.
Былтырғы тасқыннан жалғыз баспанасы суға кетіп, Петропавлдан жаңа үй алғандардың бірі Максим Черников. Тұрғын үш айда салып берген баспана бір жылға жетпей қирап жатыр дейді. Қабырғасы қақарып, терезеден жел азынап тұратын үйде күн көру мүмкін емес дейді. Үйлердің сапасыз салынғанын халық жазда-ақ байқаған. Сол сәттен бері мердігерге де, әкімдік өкілдеріне де сан айтыпты. Бірақ бір қысқа да шыдамаған шаңырақты қайта қалпына келтіру мәселесімен айналысатын адам жоқ. Ал жаңа үйлердің кепілдік мерзімінің аяқталуына небәрі жарты жыл уақыт қалыпты.
"Барлығы жаман деп айтуға болмайды. Кейбір үйлерде олқылықтар анықталып жатыр. Бірақ бұл үй құлайын деп тұр деген сөз емес. Ұсақ-түйек жөндеу жұмыстарын жүргізу керек жағдайлар бар. Жер үй болған соң іргетасы отырып, қабырғалары қозғалады. Оның барлығын бригада құрып, реттейтін боламыз. Алаңдауға негіз жоқ", – деді Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев.
Осылайша, тұрғындардың көзіне іліккен жайтты ақ жағалылар байқамады. Шенеуніктер үшін атой салатындай үй сапасыз емес. Бірақ тұрғындар үйді қаптап, жылу әкелмейінше әрекет ете бермек.