Жетісайда өрт салдарынан ес-түссіз күйде үш адам табылды
Өрт салдарынан ес-түссіз күйде табылған 3 адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Аман қалған ...
Түркістан облысында полиция инспекторы қызмет барысында қаза тапты.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Информбюро-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Аға лейтенант Қанат Ғабитов жол ережесін бұзған жүргізушінің ізіне түсемін деп апатқа ұшыраған. Ауыр жарақат алған тәртіп сақшысы оқиға орнында тіл тартпай кеткен екен.
Жол апаты Жібек жолы-Жетісай трассасында күні кеше болған. Жол қозғалысына қауіп төндірген жүргізушінің артына түскен Қанат Ғабитовтің көлігі басқа машинамен соқтығысқан екен. Салдарынан тағы алты адам жарақат алған. Осы салада ұзақ жыл еңбек еткен 27 жастағы азаматты бүгін әріптестері мен туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Ішкі Істер министрі марқұмның туыстарына тиісті көмек көрсетілетінін айтты.
Өрт салдарынан ес-түссіз күйде табылған 3 адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Аман қалған ...
Жетісай ауданының Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйдегі өрттің салдарынан екі ересек және бір бала ...
Түркістанда 15 жастағы оқушы аяусыз соққыға жығылған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Мән-жайы ...