Танымал журналист Азат Рыстанбек дүниеден озды
Танымал тележурналист Азат Рыстанбек дүниеден озды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24kz-ке сілтеме ...
Отандық жазушы, журналист, аудармашы Мақсот Ізімұлы дүниеден өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қаралы хабарды әріптесіміз Аманғали Қалжанов әлеуметтік желіде жеткізді.
Белгілі жазушы, журналист, аудармашы Мақсот Ізімұлы дүниеден өтті деген қаралы хабар ауыр тиіп отыр Журналистикадағы ұстаздарымның бірі, ақылшы аға еді... Маусым айында өмірге келіп, осы айда фәниден бақиға көшті. Биыл 65 жасқа толар еді, аз күн жете алмады, — деді ол.
Журналистикадағы жолы облыстық «Орал өңірі» газетінен басталып, кейіннен республикалық «Зерде», «Жалын» журналдарында, «Ана тілі», «Заң», «Түркістан», «Алтын Орда», «Теміржолшы-Железнодорожник» газеттерінде жалғасқан. Сонымен қатар еліміздің қазақ тіліндегі алғашқы тәуелсіз басылымдарының бірі «Аруана» газетін шығарып, бас редакторы болды. Одан қалды «Астана ақшамы» газетінде жұмыс істеген.
«Арыс», «Аманат – таным әлемі» баспаларында бас редактор болды. Қазақ тілінде балаларға арналған танымдық кітаптар шығарды.
Сонымен қатар американдық белгілі психолог Луиза Хейдің денсаулықты түзеуге, қатерлі ісікті жеңуге қатысты кітабын аударып, оның үзінділері «Алматы ақшамы» газетінде жарияланды.
Танымал тележурналист Азат Рыстанбек дүниеден озды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24kz-ке сілтеме ...
Қайғылы хабар. « Хабар » Агенттігінің бағдарламалар өндірісі бөлімінің шеф-редакторы, есімі елге белгілі теле ...
Жазушы әрі журналист Қанат Тілеухан қазақ қоғамында тойлардың шамадан тыс көбейіп кеткеніне назар аударды. Бұл турал ...