«МузАРТ» тобының тарихы театрда сахналанды
Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар «МузАРТ» тобының сахналық ғұмыры театр тілінде сөйледі. Түркістан музыкал ...
Қазақ эстрадасының сүйікті әншісі, «МузАрт» тобы арқылы халықтың жүрегінен орын алған Сәкен Майғазиевтің отбасылық қуанышы – ұлының үйлену тойы қоғамда қызу талқыланып жатыр , деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жақында ғана өткен құдалық кешінде бірқатар танымал өнер жұлдызы бой көрсетті. Алайда көпшілікті құдалар қатарынан «МузАрт» тобының бұрынғы мүшесі Мақсат Базарбаевтың көрінбегені алаңдатқан. Әлеуметтік желі қолданушылары:
«Сәкен ағамыз Мақсатты неге шақырмады?», «Мақсат Базарбайға бір орын бұйырмағаны қызық екен», — деген секілді пікірлер жаза бастаған.
Оқи отырыңыз:
Сәкен Майғазиев пен Мақсат Базарбаев – елге еңбегімен танылған, қазақ сахнасында қатар жүрген әншілер. Кезінде дуэт жазып, ортақ жобаларда өнер көрсеткен әріптестердің арасындағы ықылас пен шығармашылық сыйластық көпке үлгі болғаны белгілі. Дегенмен тойда Базарбаевтың бой көрсетпеуі көптің көңіліне күдік ұялатқан.
Айта кетейік, Сәкен Майғазиев тойға келгісі келетін халықтың көптігін ескеріп, салтанатты іс-шараны онлайн тамашалауға мүмкіндік жасаған. Дегенмен оқырман қауым той трансляциясына қатысу ақылы екенін байқаған. Бағасы – адам басына 1380 теңге.
Авторы: Айнұр Алпысбай
Қазақ эстрадасында өзіндік орны бар «МузАРТ» тобының сахналық ғұмыры театр тілінде сөйледі. Түркістан музыкал ...
2023 жылдың 24 ақпанында Darkhan Juzz сахналық атымен танылған қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков Таиланд ...
Танымал әнші Нұрғали Нүсіпжановтың қайын енесі дүниеден озды. Қаралы хабарды өнер иесі жеткізді, — деп ха ...