Шымкентте мүгедек такси жүргізушіні тонағандар сотталды
Шымкентте есту және сөйлеу қабілеті бұзылған жүргізушіге шабуыл жасаған екі ер адамға қатысты сот үкімі шықты, ...
2025 жылғы 8 маусымдағы Numbeo дерегіне сәйкес, такси бағасы бойынша Қазақстан әлем елдерінің ішінде 124 мемлекеттің арасынан 87-орынға жайғасты. Елде 1 шақырым жол үшін орташа есеппен 0,78 АҚШ доллары төленеді. Бұл – ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Басқа ТМД елдеріндегі жағдай мынадай:
Әлем бойынша ең қымбат такси қызметі Швейцария, Люксембург және Бахрейнде болса, ең арзаны — Қырғызстан, Филиппин және Молдова елдерінде.
Қазақстан қалалары бойынша бағаларға тоқталсақ. Жағдай келесідей:
ТМД аясында Астана мен Алматы тек бір ғана қалаға – Санкт-Петербургке жол берген. Онда тариф Астанадан сәл жоғары – 0,76 доллар/км.
Әлемдегі ең қымбат қалалар: Цюрих, Лондон, Тирана.
Ең арзаны – Үндістандағы Сурат пен Бхубанешвар, сондай-ақ Украинадағы Харьков.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылдың мамыр айында такси қызметінің бағасы бір айда 1,8%-ға, ал бір жыл ішінде 10%-ға өскен.
Аймақ бойынша айырмашылықтар:
Мамырдағы баға өсіміне тек екі өңір әсер еткен. Атап айтқанда, Алматыда баға бір айда бірден 13%-ға, ал Жамбыл облысында – 2%-ға өсті.
Қалған өңірлерде айлық өзгеріс болмаған.
Жылдық көрсеткіш бойынша, 20 өңірдің 13-інде такси бағасы қымбаттаған.
Ең жоғары өсім:
Сонымен қатар такси жолаушыларының саны да күрт артқан.
2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында такси арқылы 43,9 млн жолаушы тасымалданған — бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97%-ға көп.
Ең көп жолаушы тасымалданған өңірлер:
Ең аз көрсеткіштер – Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында.
Жолаушылар айналымы да 52,5%-ға өсіп, 843,4 млн жолаушы-шақырымға жеткен.