Биыл 190 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен ...
Мәжілісмен Асылбек Нұралин премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдап, елордадағы көлік кептелісін азайту үшін мемлекеттік органдарда жұмыс күнінің басталу уақытын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда елорда мен басқа да ірі қалаларда жол-көлік желісінің шамадан тыс жүктелуі тұрақты құбылысқа айналған. Кептелістер мен қоғамдық көлік қозғалысындағы үзілістер халыққа ғана емес, мегаполистердің инфрақұрылымына да зиянын тигізіп отыр.
Ол ашық статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, Астанадағы қызметкерлердің 50 пайыздан астамы мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейтінін атап өтті.
Осыған байланысты орталық атқарушы органдардың, ұлттық компаниялар мен оларға қарасты ұйымдардың қызметкерлері үшін көлік ағынын қайта бөлу мүмкіндігін қарастыру қажет. Сондай-ақ агломерациялық көлік саясаты аясында осы санаттағы ұйымдардың жұмыс уақытының басталуын өзгерту мәселесін де көтеру керек. Зерттеулер көрсеткендей, таңғы уақыт еңбек өнімділігі тұрғысынан әлдеқайда тиімді. Сондықтан жұмыс күнін таңғы сағат 9-дан 7 немесе 8-ге шегеру ұсынылып отырған шараларға толықтай сай келеді, – деді Асылбек Нұралин.
Бұған елімізде қай мамандықтардың жалақысы қанша екені туралы жазғанбыз. Айта кетейік, бұған дейін ведомство басшысы Светлана Жақыпова 3 мыңнан астам кәсіпорын еңбек тәуекелі аймағынан шығарылғанын айтқан.
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен ...
Қызылорда облысында жаңа зауыт салынады, деп хабарлайды 24KZ. Кәсіпорын жылына 500 мыңға дейін санитарлық-техникал ...
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Душанбе қаласында (Тәжікстан) Тәуелсіз Мемлекеттер ...