АҚШ-та "Дональд Трампты өлтіремін" деп пост жазған адам ұсталды
АҚШ-та бұрын университетте жұмыс істеген жас жігіт Президент Дональд Трампқа қоқан-лоққы көрсеткені үшін ұсталды ...
Австрияның Грац қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жалғасып жатыр.
10 маусым күні Драйшютценгассе гимназиясында оқушыларға қарулы шабуыл жасаған ер адамның үйінен қоштасу хаты табылды. Бұл туралы Krone Zeitung басылымы полиция мәліметіне сүйене отырып хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Хаттың мазмұнына қарағанда, күдікті өзін ұзақ уақыт бойы ұжым тарапынан жүйелі қысымға (моббингке) ұшырағанын жазған. DW сайтының мәліметінше, ол психологиялық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын айтып, әрекетінің себебін сол жағдаймен байланыстырған.
Полиция мен жергілікті БАҚ күдіктінің жеке басына қатысты деректерді жариялады. Шабуыл жасаған азаматтың есімі — Артур А. Ол Австрия азаматы және осы гимназияның бұрынғы оқушысы болған. Ішкі істер министрі Герхард Карнердің айтуынша, Артур А. мектепті аяқтамай, оқудан шығып қалған.
Қайғылы оқиғадан кейін Грац қаласында үш күндік аза тұту жарияланып, барлық мәдени және мерекелік іс-шаралар, сондай-ақ саяси партиялардың жиындары уақытша тоқтатылды. Германиядағы бірнеше телеарна бұл оқиғаға байланысты эфир кестесін өзгертіп, арнайы бағдарламалар мен репортаждар ұсынды.
Еске салайық, атыс сейсенбі күні таңғы сағат 10 шамасында басталған. Оқиға орнында 9 адам көз жұмды: алтауы – әйел, үшеуі – ер адам. Кейін тағы екі адам алған ауыр жарақаттарынан қайтыс болды. Құрбандардың арасында балалардың бар-жоғы әзірге нақты анықталған жоқ.
АҚШ-та бұрын университетте жұмыс істеген жас жігіт Президент Дональд Трампқа қоқан-лоққы көрсеткені үшін ұсталды ...
Күдіктіге 2008 жылдың 15 мамырында есірткі қылмысымен айналысқаны үшін халықаралық іздеу жарияланған. Жетісу ...
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Дубай қаласында Қазақстан азаматы ұсталды, ...