• 13-06-2025

Ядролық соғыс басталуы мүмкін: Израиль Иранға соққы жасамақ

Израиль Иранның ядролық нысандарына соққы жасауға дайын екенін ресми түрде АҚШ-ты құлағдар еткен, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Батыс ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ-тың әскери базалары толық әскери дайындық жағдайына келтірілген, ал Дональд Трамп Ақ үйде әскери жетекшілермен кеңес өткізіп жатыр.

The Washington Post басылымының мәліметінше, бұл ақпарат АҚШ барлау қызметінің деректерімен де сәйкес келеді – Израиль Иранның ядролық бағдарламасын түбегейлі тоқтатуға ниетті.

Басты деректерге тоқталсақ:

Трамп ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне арналған шұғыл жиын өткізді. АҚШ-тың Ирактағы елшілігі дипломаттарды шұғыл эвакуациялауға дайындалуда;

АҚШ-тың Таяу Шығыстағы барлық әскери объектілері толық жауынгерлік дайындыққа келтірілген;

Иранның қорғаныс министрінің мәлімдемесі: «Егер соғыс басталса, өңірдегі барлық америкалық базаларға ешбір ойланбастан соққы жасаймыз»;

Қақтығыстың ушығуына АҚШ пен Иран арасындағы ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөздердің тоқтап қалуы себеп болған;

Ұлыбритания барлық танкерлер мен кемелерге Парсы шығанағынан өткенде аса сақ болуға кеңес берді;

Мұнай бағасы 5%-дан аса өсіп, бір баррельдің құны 70 долларға жуықтады.