«Таза Өскемен» кәсіпорнының бұрынғы басшысы 120 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Шығыс Қазақстан облысында «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы директоры мен оның серіктестері қала көшелерін ...
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті TikTok әлеуметтік желісі арқылы онлайн-құмар ойындарды ұйымдастырған екі тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісін аяқтады , деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҚМА дерегніше, тергеу барысында күдіктілердің тұрақты түрде тікелей эфир өткізіп, құмар ойын ұйымдастырғаны анықталды.
Азаматтар ойынға қатысу үшін ақша қаражатын банктік қосымшалар арқылы ұйымдастырушылардың шоттарына аударып отырған. Жиналған заңсыз табыс көлемі 10,5 миллион теңгені құрады, — делінген мәліметте.
Сот үкімімен екеуі де заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Біріне 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, екіншісі 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу түріндегі жазаға тартылды, — деп қосты агенттік.
Айта кету керек, TikTok-тағы ойындардың негізгі аудиториясын жастар құраған.
Шығыс Қазақстан облысында «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы директоры мен оның серіктестері қала көшелерін ...
Ақтөбеде bingo37.pro қосымшасы арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, қылмыстық кірісті заңдастырған топтың ...
Мемлекеттік тапсырысты алдау арқылы иеленгендер 664 млн теңге пайда тапқан, деп хабарлайды ҚМА баспасөз қызметі. Қ ...