Биыл рақымшылық жасау заңы аясында 338 адам жазадан босатылды
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
Ақтөбеде bingo37.pro қосымшасы арқылы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, қылмыстық кірісті заңдастырған топтың ұйымдастырушылары мен қатысушыларына сот үкімі шықты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қатысушылардан түсетін ақша аударымдарын операторлар қабылдап, оларды платформада тіркеп, әрқайсына логин, құпиясөз және ойындарға кіруге сілтеме берген.
ҚМА мәліметінше, күн сайын 150 000-нан 200 000 теңгеге дейін табыс түсіп отырған.
"Қылмыстық кірісті жылыстату мақсатында алаяқтар дропперлерді тартқан. Ұйымдастырушылардың бірі 2020 жылы дәл осындай қылмыс бойынша қолға түсіп, жазаланған болатын, бірақ соған қарамастан заңсыз қызметін тоқтатпаған. Сот үкімімен тоғыз адамға 2 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, үш көлік тәркіленді", — деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Жоғарғы СотТөрағасы Асламбек Мерғалиев 2025 жылы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған жоғары сот орга ...
№45 мекеменің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс жабық режимде өтті. Істің жай-жапсары ашық айтылмайды, деп хаба ...
Ұрланған кейбір малды ауыл тұрғындары соғымға сойып үлгерген. Желтоқсан айының басында Мұғалжар ауданы аумағында е ...