Медицина саласын цифрландыру қандай нәтиже беріп жатыр?
Медицина саласындағы қағазбастылықтан құтылып, жұмысты ширатуға цифрлық жүйелер көп септесті . Десе де, сала ...
Саналы ғұмырын медицинаға арнаған Көпбаевтар әулетін талдықорғандықтар жақсы біледі. Отбасы мүшелерінің барлығы да — дәрігер эпидемиолог. Олардың гиппократ антына адалдығы мен жанашырлығы туралы Дамир Нұрмұхаметтің материалында.
Көпбаевтар отбасы көп жылдан бері медицина саласына өлшеусіз үлестерін қосып келеді. Бұл жолды әуелі Көпбаев Ерғали Шойынбекұлы таңдаған. Жары Кәмилә Хасенқызымен Қарағанды Мемлекеттік медицина университетін аяқтап, Талдықорғанға қоныс тепкен. Осы жақта 1975 жылы отау құрды. Ерлі зайыптылар дәрігер эпидемиолог қызметін адал атқарып, Денсаулық сақтау ісінің үздігі атанған. Ұлдары Талғат Ерғалиұлын да дәрігерлікке баулып, «Ақ халаттылар отбасы» атанды.
Талғат Көпбаев, «Жетісу облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының» дәрігер эпидемиологі:
Кәмилә Хасенқызы қалалық санитариялық эпидемиологиялық басқармада жұмыс істеді. Осы жақтан 2009 жылы зейнетке шықты. Біздің отбасылық тарихымыз осындай.
Көпбаев Талғат Ерғалиұлы 20 жылға жуық тәжірибесі бар білікті маман. Қазіргі таңда «Жетісу облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығында» дәрігер эпидемиолог қызметін атқарады. Әке жолын қуған азамат, өмірлік жары Зарина Бауыржанқызын да осы салада кездестірген. Ол — «Талдықорған қалалық Санитариялық-гигиеналық бақылау бөлімінің» жетекші маманы.
Талғат Көпбаев, «Жетісу облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының» дәрігер эпидемиологі:
Мен 2009 жылы Асфандияров атындағы медициналық университетті тәмамдадым. Артынша бірден Талдықорғандағы обаға қарсы күрес станциясында эпидемиолог қызметін атқардым. Ал әйеліммен іс-сапарда жүргенде таныстым.
Зарина Көпбаева, «Талдықорған қалалық санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің» жетекші маманы:
Мен 2009 жылы Талдықорған Медициналық колледжін аяқтадым. Содан бері біраз жыл осы салада еңбек еттім. 2020 жылы «Талдықорған қалалық Санитариялық-гигиеналық бақылау бөлімінің» жетекші маманы қызметіне тағайындалдым. Қазір екі баламыз бар, үшіншісін күтудеміз.
Ерлі зайыптылар тек білікті маман ғана емес. Егіз баланың әкесі мен анасы. Бақыты еселенген жандар ұл қызын да ақ халатпен көргісі келетінін жасырмады. Көпке үлгі өнегелі отбасы бүгін «Қала әкімінің құрмет граммотасын» алып, жұртшылықтың қошеметіне бөленді.
Дамир Нұрмұхамед