Ақтөбе әкімінің орынбасары Әлия Молдағұловалармен кездесті
Ақтөбе облысында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған шаралар жалғасуда, деп хабарл ...
Ақтөбе облысының Қобда ауылында Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы атап өтілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Биыл Кеңес Одағының Батыры, қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлованың туғанына — 100 жыл толып отыр. Ұлы есімді ұлықтау мақсатында Ақтөбе өңірінде жыл басынан бері мәдени-танымдық, рухани шаралар ұйымдастырылып жатыр. Ең ауқымдысы 12 және 13 маусым күндеріне жоспарланған.
Қобда өңірі — талай батыр мен тұлғаларды дүниеге әкелген қасиетті мекен. Солардың ішінде Әлияның орны ерекше. Әлия апамыздың ерлігі — бүгінгі ұрпақ үшін биік рухтың, жігердің, патриотизмнің нағыз үлгісі. Оның есімі тарих беттерінде алтын әріппен жазылып, халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Бүгінгі іс-шара өткенге тағзым, ерлікке көрсетілген құрмет. Бұл — жас ұрпаққа үлгі боларлықтай, олардың бойына отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерді сіңіру жолындағы маңызды шара, — деді өңір басшысы.
ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев қатысушыларды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан айтулы күнмен құттықтап, Әлия Молдағұлованың ерлігін ұрпақ жадында мәңгі қалдыруға атсалысып жүрген жандарға алғысын білдірді.
Қонақтар Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігі өрнектелген театрландырылған көріністі тамашалады. Бұлақта туып өскен қаршадай қазақ қызының ғұмыры сахналық қойылымда ерекше бейнеленген. Спектакль тарихты ғана емес, батыр қыздың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілікті, ерлік пен елдікті, рух пен күшті айырықша көрсетті.
Ақтөбе облысында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған шаралар жалғасуда, деп хабарл ...
Еліміздің ақпараттық кеңістігінде жетекші орын алатын «Хабар» Агенттігі биыл 30 жылдық мерейтойын атап өтуд ...
Биыл ТМД және КСРО құрама енген бірқатар мемлекеттер Ұлы Отан соғысының аяқталуына 80 жыл толуын атап өтеді. Осы ора ...