Қ. Тоқаев ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі өтті. Ордалы отыр ...
Астанада ТМД-ға мүше мемлекеттердің Ішкі істер министрліктерінің жедел бөліністері басшыларының ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған кеңесі өтті, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Жиында Қазақстан Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов сөз сөйледі. Ол ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте ғана емес, жалпы қылмыстың барлық түрлеріне қарсы іс-қимылда, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде және өзекті қауіп-қатерлерге ден қоюда мемлекетаралық өзара байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Кеңесте Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресті үйлестіру бюросының директоры полиция генерал-лейтенанты Олег Коновалов, сондай-ақ Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Ішкі істер министрліктерінің басшылары баяндама жасады.
Кездесу барысында қарудың заңсыз айналымы арналарының жолын кесу, жедел ақпаратпен алмасуды күшейту және қылмыстық топтарға қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды. Жиынға қатысушылар іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ризашылықтарын білдірді.
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі өтті. Ордалы отыр ...
Алматыда пойыздағы түсірілім кезінде ондаған адам газдан уланып қалды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңесте осындай тапсырма берді, деп ха ...