Қыркүйекте автокөлік өндірісі 15,1%-ға өсті
Қыркүйек айында елдегі автокөлік зауыттары жалпы құны 180 млрд теңге болатын 13 021 дана техника шығарды. Б ...
Қызыл жалынның жалпы ауданы 805 гектарды құраған.
Атырау облысындағы өртті сөндіру "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 су төгу құрылғысы бар тікұшақпен жүзеге асырылды. Жалпы көлемі 100 тонна су төгілді, деп жазады inbusiness.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Бүгін Атырау қаласының Еркінқала ауылынан 15 шақырым жерде "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында қамыс өсімдіктерінің жануы толықтай оқшауланды. Жауаптылар тілсіз жаудан елді мекендер зардап шекпегенін айтады.
Өртті өшіруге 100-ден астам қызметкер және 25 техника мен бір тікұшақ жұмылдырылды. МИ-8 тікұшағы 33 рет әуеге көтеріліп, 100 тоннаға жуық су шашқан. Әзірге тілсіз жаудың неден шыққаны туралы ақпарат жоқ.
Айта кетейік, резерваттағы қамыс жыл басталғалы үшінші рет отқа оранды.
Қыркүйек айында елдегі автокөлік зауыттары жалпы құны 180 млрд теңге болатын 13 021 дана техника шығарды. Б ...
Астана әкімдігі өкілдері орталықта шыққан өрттің салдары туралы айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілші ...
Наурызбай Әділхан, ҚР ТЖМ Байланыс торабындағы жылжымалы басқару пунктінің бастығы ...